Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 29) тармақшасына және
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру
ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ «Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 №
248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Заңға, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,
сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына
сәйкес жүзеге асырады.
3. Білім алушылардың қатарына қабылдау білім беру ұйымы басшысының
бұйрығы негізінде жүргізіледі.
4. Сыныптарды білім алушылардың даярлық деңгейі және даму дәрежесі
бойынша жасақтауға рұқсат етілмейді.
5. Білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау кезінде білім беру
ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардығы № 93 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді
мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) бекітілген білім беру
қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету.