«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9, 11 сынып білім алушыларының емтихандарға психологиялық дайындығы

    А.А. Исасиитова мектеп психологы өткізген сауалнаманың мақсаты — түлектердің емтиханға дайындығын өзін-өзі бағалау. Сауалнамалауға 20 оқушы қатысты. Сауанама болжалды сипатқа ие және емтиханға дайындықты бағалауға мүмкіндік береді. Сауалнама келесі компоненттерден тұрады: өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті (танымдық компонент); қобалжушылық деңгейі (тұлғалық компонент); емтихан процедурасымен танысу (процедуралық компонент). Нәтижелерді сандық және сапалық өңдеу жүргізіліп, талдау және түсіндіру жұмыстары өткізілді. Осылайша, сауалнаманың нәтижелері түлектердің емтихан тапсыруға дайындығының қолайлы динамикасын көрсетеді. Алынған мәлімет 9, 11 сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің назарына жеткізілді. Көмек пен қолдауға сауалды анықтау мақсатында түлектермен диагностика нәтижелері бойынша әңгіме жүргізілді. Психолог пән мұғалімдеріне дайындалған ұсыныстар: оқу материалын меңгеруде қиындықтары бар оқушыларға назар аудару, емтихандарды дайындау және өткізу кезінде түлектердің жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеру. Сынып жетекшілеріне арналған ұсыныстар: ата-аналармен жұмысты күшейтіп, емтихандарды дайындау және өткізу кезінде жасөспірімдерге психологиялық қолдаудың маңыздылығына назар аудару.
 
Ж. Сексенбаева, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі 
Жаңартылған күні: 13.05.2022 11:11
Құрылған күні: 13.05.2022 11:11

Текст