«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанның ұлттық мерекесі

Қазақстанның ұлттық мерекесі 
Енді 25 қазан қазақстандықтар үшін мерекелі күн деп саналады. Бұның себебі Себебі, қазіргі қазақстандық көшбасшы, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастары үшін "ұлттық"мәртебесін бере отырып, Республика күнін жандандырды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің № 307-XII қаулысымен Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақ КСР-нің егемендігін және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін жариялады. Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары белгіленді: біртұтас мемлекет, оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен тиіспеушілігі, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.
Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, ұлтаралық келісімге нұқсан келтіретін аумақтың тұтастығын бұзуға шақыратын ұйымдардың қызметі заң бойынша қудаланатыны атап өтілді. Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты проблемаларды басқа Тараптарды тартпай дербес шешу қағидаты жарияланды.
1995 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы" Жарлығымен 25 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күні болып жарияланды.
2001 жылғы 13 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының N 267 Заңы қабылданды, оған сәйкес республика күні мемлекеттік мереке болып танылды.
2009 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы "Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы"Заңға қол қойды. оған сәйкес елімізде Республика күнін мерекелеу тоқтатылып, 25 қазан жұмыс күні болды.
2022 жылғы 16 шілдеде Ұлттық Құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс. Әрине, тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Алайда оны Тәуелсіздікке елеулі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек", — деді ол кезде Тоқаев. Қыркүйек айының ортасында ҚР Парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер қабылдады. Оған сәйкес республика күні ұлттық мереке мәртебесін қайтарып алды.
Жаңартылған күні: 20.10.2022 11:24
Құрылған күні: 20.10.2022 11:24

Текст