Текст
28 қараша күні география пәні апталығы аясында Кешкі мектептің 9 сыныбында “Қолайсыз атмосфералық құбылыстар” тақырыбында сабақ өтті, сабақты мұғалім Султанова Д.А өткізді. Балалар қолайсыз атмосфералық құбылыстар кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін үйренді. Ауа райының барлық элементтерімен танысып, тапсырмаларды белсенді түрде орындады.