Текст
2025 жылғы 9 маусымда қорытынды емтихандарды өткізу кестесіне сәйкес кешкі мектепте 11 сынып оқушылары арасында"Орыс тілі" пәні бойынша емтихан өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері Кадырова Меруерт Адильбековна емтихан материалдары салынған конвертті ашты, емтиханға 11 сыныптың барлық оқушылары қатысты. Емтихан алушы ассистенттермен бірлесіп емтихан басталар алдында нұсқама өткізді.