«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дұрыс таңдау – өз қолыңда!

20.10.2022

Дұрыс таңдау – өз қолыңда!

Мамандық таңдау – әр адамның ересек өмірін анықтайтын қадам.  

Қандай мамандықты таңдау керек және де болашақта еңбек нарығында қалай сұранысқа ие болу керек?

Жасөспірімге бұл сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені ол мамандық әлемімен таныс емес және өмірінде ешқашан жұмыс істемеген.

Егер жасөспірім кезінде мамандық таңдау сәтсіз болса,ересек адамға өз кәсібін табу қиынға соғады.

Қолайлы мамандықты таңдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы болып табылатын кәсіби бағдар жұмысы болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға  көмектеседі.

Осы ақпаратта қаламызда орналасқан аграрлық-индустриялық колледж туралы айтатын боламыз (Мекенжайы: 1 ықшам ауданы, 12 үй, Рыскулов к-сі 84, АИК)

Оқыту - тегін, 9 мен 11 сынып бітірушілері қабылданады.

Оқыту мерзімі: 9 сынып бітірушілеріне орта білім алу үшін - 2 жыл мен 10 ай, 11 сынып бітірушілері үшін – 1 жыл.

9 сынып бітірушілеріне келесі біліктіліктерді алуға болады:

- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (компьютерлік аппараттық қамтамасыз етудің операторы);

- «Токарлық іс» (токарь);

- «Тамақтануды ұйымдастыру» (аспазшы, кондитер-декоратор);

- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» (ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі);

- «Электрмен жабдықтау» (Техник – электрик). Оқыту мерзімі – 3 жыл, 10 ай.

- «Маркетинг» (сатушы), (маркетолог);

- «Дәнекерлеу ісі» (электр газбен дәнекерлеуші);

- «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» (автокөлік жөндеу слесары), (техник – механик). Оқыту мерзімі – 3 жыл 10 ай.

11 сынып бітірушілерін оқыту мерзімі жыл. Оларға келесі жұмыс мамандықтарын алуға болады: слесарь-жөндеуші, токарь.

Айта кету керек, колледждегі оқыту тегін.

Мамандықты "Бастау-бизнес" бағдарламасы бойынша да алуға болады. Бұл болашақта өтеусіз негізде несие немесе мемлекеттік грант алуға мүмкіндік береді.

Қысқамерзімді мерзімді оқыту келесі мамндықтар бойынша жүргізіледі: аспазшы,  механизатор, шаштараз, визажист, маникюр шебері, тігінші, массажист.

Міндетті шарт-адам жұмыссыз болуы керек.

Толық ақпаратты Жұмыспен қамту орталығынан алуға болады.

Бұл ақпарат сендерге "Кім болу керек?", ал біреу үшін өз мамандығын таңдауға көмектеседі деп ойламаймын!

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 20.10.2022 11:19
Құрылған күні: 06.12.2022 10:13

Текст