«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психология апталығына есеп беру.

09.12.2024
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының кешкі мектебі" КММ
2024 жылғы 02-06 желтоқсан аралығында  "Стресске айт-жоқ!» атты психология апталығын өткізу туралы есеп.
 
"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының кешкі мектебі" КММ-де  аудандық психология апталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 02-06 желтоқсан аралығында психология апталығы өтті. 
Мақсаты: "стресс", "қорқыныш"ұғымдарымен таныстыру. Оқушыларды стресстік жағдайды жеңудің, одан шығудың әртүрлі тәсілдерімен таныстыру. 
Міндеттері: 
1. Балаларды оқытуға және олардың психологиялық денсаулығын сақтауға қолайлы атмосфера құру;
2. Балаларға өзін-өзі бақылау дағдыларын игеруге көмектесу;
3. Күштенуді төмендетуге ықпал ету;
4. Балаларды стресстен қорғауға үйрету.
Тақырыптық апталықтың әр күнінде нақты дәйексөз қолданылды.  
2024 жылдың 02 желтоқсанында апталық ашылу рәсімінен басталып, оның аясында білім беру процесіне қатысушылар арасында "Бүгін мектепке қандай көңіл-күймен келдің?" атты сауалнама өткізіліп, "Мазасыздық пен стресс, онымен қалай күресуге болады?» презентациясы жарияланды.
2024 жылғы 03 желтоқсанда сынып чаттарына бейнеролик жіберілді. Мақсаты: өмірлік дағдыларды қалыптастыруға, позитивті ойлау қабілетіне ықпал етіп, өмірді құндылық ретінде насихаттай отырып, оның жан-жақтығын көрсету.
2024 жылғы 04 желтоқсанда 10-11 сыныптарда сынып сағаты аясында "Мазасыздықты жою және стресспен күресу " тақырыбында іс-шара өтті. Мақсаты: оқушылардың стресс пен мазасыздық туралы хабардарлығын арттыра отырып, стресске төзімділік пен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.
2024 жылғы 05 желтоқсанда "Психологтың кеңесі" консультациялық сағаты аясында "Оқу уәждемесін арттыру: педагог-психологтың ұсыныстары" атты презентация жарияланды. 
2024 жылғы 06 желтоқсанда "Happy ending" мектеп қоршауы рефлексиясы өтті. Іс-шараның мақсаты: кері байланыс алу. Қатысушылар өткізілген психология апталығы туралы өз пікірлерін жазып, келесі жылға өз тілектерін білдірді. 
Апта бойы мектеп сайтында және әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жарияланды. Психология апталығының қорытындысын шығару мақсатында есеп дайындалды. 
 Дайындаған: педагог-психолог Исасиитова А. А.
Просмотров: 133


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст