Текст
Қазақ халқында балалардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді.
Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында халық ауыз әдебиетін жаңғыртып, жас жеткіншектерге рухани азық сыйлайық. Ұлық мереке баршаңызға құтты болсын!