«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік бесминут

30.03.2021

Мектеп меңгерушісі Г. Т. Исабаева жедел кеңес өткізді, оның барысында ол мұғалімдерді бөлім бойынша жиынтық бағалау мен 4 тоқсан жиынтық бағалауды өткізу мерзімдерімен таныстырды.

Екі және одан да көп сағат жүктемесі бар пәндер бойынша БЖБ 4-11 мамыр аралығында өткізіледі. 9-10 сынып оқушылары үшін аптасына бір сағат жүктемесі бар тоқсандық жиынтық бағалау 11 мамыр – 15 мамыр аралығында өткізіледі.

11-сыныпта барлық бақылау жұмыстары 18-22 мамыр аралығында өткізіледі.

Гульжан Турсуновна мектеп түлектерінін қорытынды аттестаттау қалай өтетініне назар аударды.

 9 сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады:

  • эссе түрінде оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;
  • математикадан жазбаша емтихан (алгебра);
  • басқа тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11 сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:

  • эссе түрінде оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан;
  • алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан;
  • Қазақстан тарихы бойынша тестілеу;
  • басқа тілде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиетінен тестілеу және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілінен тестілеу.
Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст