20.02.2025
2025 жылдың 19 ақпанында география апталығы аясында кешкі мектепте «Географиялық брейн-тинг» атты қызықты әрі танымды интерактивті викторина өтті. Бұл конкурста 9 сынып оқушылары қатысты. Конкурс оқушылар үшін географиядан білімдерін, тапқырлықтарын және топта жұмыс істей білу қабілеттерін сынайтын нағыз сынақ болды.
Викторина бірнеше кезеңнен тұрды, әр кезең қатысушылардан ойлау жылдамдығы мен табиғи аймақтар, карталар, географиялық деректер мен тарихи оқиғалар бойынша әртүрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру қабілеттерін талап етті. Оқушылар қызығушылықпен бәсекелесіп, өз білімдері мен дағдыларын қолдана отырып, талқылауларға белсене қатысып, қызықты фактілермен бөлісті.