Текст
2025 жылдың 20 ақпанында “Атбасар қаласының кешкі орта мектебі” география апталығының аясында 9 сыныбында "Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты" тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Бұл сабақ оқушыларға Қазақстанның демографиялық құрылымы, халықтың өсуі, көші-қон мәселелері, туу мен өлім деңгейі және елдің демографиялық саясаты туралы терең білім алуға мүмкіндік берді.