«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дидактикалық ойындарды қазақ тілі сабақтарында қолдану.

30.01.2018

Дидактикалық ойындарды қазақ тілі сабақтарында қолдану.

 

                                                                             

“ Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал          жас ұрпақтыңтағдыры ұстаздың қолында. ”                      (Н.Ә. Назарбаев.)

  Әр ұстаздың мақсаты – сабақты тартымды, әрі қызықты

өткізу. Бұл мақсатқа ойын элементтерін қолдану арқылы оңай жетуге болады.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.

  Бұл – бастауыш сынып оқушыларымен сабақты қызықты өткізу

мақсатында қолданылатын қосымша құрал.

  “Ой – ойыннан басталады” десек, баланың ойын жетілдіріп,

сабаққа қызығушылығын арттыратын – ойын. Ойын барысында баланың жеке басының

қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын

кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық

әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды,

мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Сондықтан да

ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын

арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды

қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын,

математикалық қабілеттерін дамытады. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі

бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін

дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл

дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір

білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық

ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.

Ұсынылып отырған құралда оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру мақсатында

құрастырылған.

“Моншақ”ойыны

Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.

Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа

бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір

жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.

Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.

Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы,

өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.

 “Қалалар”ойыны

  Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.

Тапсырма үлгілері:

  қар–Қарағанды

ас–Астана

алма–Алматы

тау–Көкшетау

рау–Атырау

кент – Шымкент.

“Сұрақ–жауап” ойыны

Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған

карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді.

Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.

Сұрақтар:

1.Сөмкеде не жатыр?

2.Бір аптада неше күн бар?

3.Асханада кім бар?

4.Сыныпта неше терезе бар?

5.Қолда неше саусақ бар?

6.Жазда ауа райы қандай?

7.Бір тәулікте неше сағат бар?

8.Мектеп неше қабатты?

9.Күзде не сарғаяды?

  Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.

  “Соңы кім?” ойыны

Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.

Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз

| ыстық

| жазғы каникул

| тамыз

| күнге күю

| шомылу

 

 

 

“Сиқырлы ағаш” ойыны.

  Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.

Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

 

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:

Сұрақтар:

  Сенің отбасың қандай?

2. Отбасыңда неше адам бар?

3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?

4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?

5. Сенің анаң неше жаста?

6. Сенің әкең неше жаста?

7.Сенің әжең кім?

8.Отбасың тату ма?

9.Сен әкеңе қалай көмектестің?

 

 

Просмотров: 399


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст