«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

28.12.2017

Сейтжанова У.Н.

 Мерзімі:14.12.2017ж. Сынып: 10

«ә» Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев "Ескендір" поэмасы 

Сабақтың мақсаты міндеттері: Білімділік: Поэманың идеясын түсіндіре

отырып, идеялық - тақырыптық негізін, ой астарын түсіндіру, көркем туындыны

түсіне білуге, мәнерлеп оқуға, ақынның образ жасау шеберлігін ұғынуға жол ашу

Дамытушылық: Поэманы талдай білуге төселдіру, өзіндік пікір

қалыптастыруға дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

Тәрбиелік: Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік қасиеттерін

дамыта отырып, рухани имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: СТО технологиясының элементтері бар аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, МСК, тест

Сабақтың көрнекілігі: дәйексөздер, Абай шығармалары

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі: (2 минут)

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Пікірталас картасын толтырған болатын, сол

бойынша сұрақтар қою.

Оқулықтағы мәтінді

оқып, шығарманы толық талдауға дайындалып келу. Суреттердің біздің сабағымызға

қатысы болды ма?

"Ай нұрын

ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат" Бұқар жырау.

ІІІ Жаңа сабақ -

талдау сабағы: "Ескендір"

Абай поэмалары

"Ескендір" "Масғұт" "Әзім әңгімесі"

1) Әдебиет

теориясы: "Поэма" - грек сөзінен шыққан, "туынды"

деген мағынаны береді, өлеңмен жазылады. Көлемі 

2) Қызықты дерек: "Ескендір" поэмасының сюжетін

алғаш рет неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ғалымы болған француз Альберт

фон Шамиссо Талмудтан алады. Шамиссодан В. А. Жуковский 1844 жылы

аударады. Мұнда А. Македонскийдің қырып - жоюы туралы жырлайды. Бұл сюжет Абайды

да қызықтырады. Абай сюжетінде өзгеріс бар. Поэмада Ескендірдің аты - жөнін,

әкесін, тұрған жері мен патшалығын, Ескендірдің ұстазы - Аристотельді қосады.

Абай шығармасы тұпнұсқаға ұқсас. "Ескендір" поэмасы тармақты 42

шумақтан тұрады.

3) Мінездемелік салыстырушы карта:

Ескендір

Аристотель

қабілетті

менмен

тапқыр

батыл

  4) Түсіндірме сөздік

1. Хакім - ғалым

2. Данышпан - 

3. Иман


4. Ғибрат - үлгі

5. Нәпсі - 

6. Араны - 

Мазмұндау жоспары: Жұптық жұмыс

1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары, әскердің шөл далада қиналуы

2. Бұлаққа кездесуі, жаулап алмақ ниетпен қала қақпасына баруы

3. Ескендірдің бұйрығы

4. Күзетшінің сыйлығы

5. Аристотель шешімі

6. Ақын өсиеті

ІҮ Бекіту:

Ой тұжырымдау:

Шығарма атауы

 

Жанры, түрі

 

Тақырыбы, идеясы

 

Түйінді ой

 

Тест тапсырмалары

1. Ескендір таққа отырғанда неше жаста болған?

а) 43

ә) 32

б) 21

2. Ескендірдің әкесінің есімі кім?

а) Филипп

ә) Македония

б) Аристотель

3. Тарихта ол батыл, жүректі, ақылды, қайратты тұлға ретінде қалды:

а) Ескендір

ә) Аристотель

б) Масғұт

4. Әл-Фараби кімді өзіне ұстаз тұтқан?

а) Ескендір

ә) Аристотель

б) Әзім

5. "Тойымсыздық" сөзіне мағынасы жақын сөз

а) қасиетсіздік

ә) ашкөздік

б) мешкейлік

1) б 2) а 3) а 4) ә 5) ә,б

Ү Қорыту: Мешкей деген жақсы ат емес. Абайша айтсақ: ашкөздік,

тойымсыздық дерт екен. Дүниеге қанағат ете білу, артық малыңды ысыраптамай,

мұқтаж жандарға көмектесуді Алла бізге парыз қылды. Пендеміз деп өзімізді

қызыққұмарлыққа салынуға жібермеуіміз керек екен.

Үйге тапсырма:

Поэманы оқып, көркемдік құралдар табу, анықтама жазу, жоспар бойынша көркем

мазмұндау конспектісін жасау.

Оқушылардың еңбегін бағалау.

 

 

Просмотров: 753


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст