Текст
2025 жылғы 23 мамырда №5 педагогикалық кеңестің отырысы өтті. Кеңесте мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындық және оқу жылының қорытындылары қаралды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. 9–11 сынып оқушыларын мемлекеттік және аралық аттестаттауға жіберу.
2. 2024–2025 оқу жылына арналған қорытынды аттестаттау кестесін бекіту.
3. Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша білім беру қызметінің сапасын талдау.
4. Мектептің өзін-өзі аттестаттауының нәтижелері.
5. №4 педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы.
Барлық мәселелер бойынша директорд Дюсембаев Е.М. баяндама жасады. Кеңес барысында тиісті шешімдер қабылданып, мұғалімдерге емтиханға дайындық пен оқу жылын аяқтау бойынша ұсыныстар берілді.