Текст
2021 жылғы 21 мамыр «Қазақстандық Интернет Олимпиадалары» сайтында 2021 жылғы мамырдың 11 мен 14 аралығында психологиядан мұғалімдерге арналған республикалық қашықтан олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – талантты ұстаздарды анықтау және қолдау, кәсіби шеберлікті дамыту және олардың шығармашылық іс-әрекетін ынталандыру. Аталған олимпиада нәтижелері бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ, олимпиада қорытындылары бойынша қатысушыларға облыс пен ауданда 1, 2, 3 орын алғаны үшін грамоталар берілді.