14.09.2021
2013 жылғы 1 наурызда Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіби және өзге де мерекелерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықтың арқасында жаңа мереке, яғни Отбасы күні пайда болды. Қазақстан Республикасында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде отбасы күні аталып өтіледі. Осыған орай, кешкі мектепте "Отбасы – бұл ..." тақырыбындағы қашықтықтан сынып сағаты өтті. Оқушылар отбасы анықтамасымен танысып, әрбір заманауи отбасы қалай құрылатынын, отбасы функцияларын, отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, отбасында қандай түрлі ресурстар бар екенін білді.