Кешкі мектепте ҚР Президентінің "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты жыл сайынғы Жолдауы талқыланды. Қазақстан халқына арнаған сөзінде Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы деп атады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы келесі мәселелерге арналған:
- пандемиядан кейінгі кезеңдегі елдің экономикалық дамуы;
- денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
- сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
- өңірлік саясатты жетілдіру;
- еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыру;
- саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау;
- қоғамды біріктіру.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар басатама туралы атап өтті.