«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халықтарының Тілдері онкүндігін өткізу туралы есеп

21.09.2021

Жыл сайын қыркүйек айында Қазақстан мектептерінде Қазақстан халықтарының тілдер күні атап өтіледі. Осыған орай 2021 жылғы 6 мен 17 қыркүйек аралығында Тілдер апталығы өткізілді. Бұл кездейсоқ емес, өйткені тілдің арқасында адамдар бір-бірін тауып, қарым-қатынас жасай алып, басқа халықтың мәдениетін, әдет-ғұрпын түсінуге мүмкіндік бар. Қазақстан халықтарының достығы мен келісімі біздің мемлекетіміздің дамуына, сенімді қадам жасауға көмектеседі. 

Тілдер онкүндігінің мақсаты:

- оқушылардың тіл туралы білімін кеңейту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың сауаттылығын арттыруға ықпал ету;

- танымдық қызығушылығын, орыс, қазақ, ағылшын тілдері бойынша ой-өрісін кеңейту және білімдерін тереңдету қажеттілігін дамыту;

- ана тілі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Міндеттері:

Отан сүйіспеншілік, азаматтылық, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

Оқушылардың елдердің, оқытылатын тілдердің тарихына, мәдениетіне қызығушылығын ояту.

Төзімді болуды, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Қазақстан халықтарының Тілдері онкүндігіннің ашылуы 6 қыркүйекте өткізілген «Қазақ тілі — мемлекеттік тіл» сынып сағатынан басталды. Осы іс-шара орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Б. Сексенбаева 9-11 сытыпта өткізді. Сондай-ақ, «Құдіретті ана тілі» аттты шығармалар сайысы өткізілді. 

Көп мәдениетті тұлғаны даму аясында, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Г. Бакланова «Полиглот» викторинасын, Г.Т. Абдрахманова «Тіл болашағы — ел болашағы» брифингін өткізді. 

9 сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Г. Баклановамен бірлесіп, «Туған елдің үні» деген флешмобына қатысты. Әрі қарай барлық іс-шаралар жоспар бойынша 17 қыркүйекке дейін жүргізілді, оның ішінде: «Туған елімнің ерекше тілі» онлайн-саяхат жасау (сынып жетекшісі), «Ана тілімде оқимын» мәнерлеп оқу байқауы (Сададвакасова А.Т), «Халық — елімнің байлығы» бейнетанысуы (Жадапн Л.И), «Тілім менің — досым менің викторинасы (Абдрахманова Г.Т)

Онкүндік бойынша жұмыс жоспарына барлық гуманитарлық цикл мұғалімдері, 9, 10, 11 сынып оқушылары қатысты. 

2021 жылғы қыркүйектің 17 онкүндік бойынша қорытынды жасалып, оқушыларға белсенді қатысқандары үшін мадақтамалар берілді. 

Уциева П. мәнерлеп оқу сайысында 1 орынға ие болып (бейнеоқу), Тусупбеков С. (11 сынып) ана тілінде мәнерлеп оқу сайысында 2 орын алды. Гречко Т. «Тілім менің — досым менің» сайысында 1 орын алды. 

Просмотров: 339


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст