Текст
5 қазан — Дүниежүзілік Ұстаздар күні. Бұл білім саласындағы барлық қызметкерлердің кәсіби мерекесі. 1966 жылғы 5 қазанда Париже өткен Мұғалімдер мәртебесі туралы Арнайы үкіметаралық конференция осы мерекенің тарихи алғышарты болып саналады. 1994 жылдан бастап, бұл мереке Дүниежүзілік мұғалімдер күні мәртебесіне ие болып, көптеген елдерде жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. Бұған дейін осы кәсіби мереке қазанның бірінші жексенбісіне келетін. Педагогтердің қоғамның дамуына, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіне сіңірген еңбегін, маңыздылығын және баға жетпес үлесін атап өту қажет.