18 қазанда оқу ісінің меңгерушісі Г.Т. Исабаева жедел әдістемелік кеңестің отырысын өткізді. Отырыс барысында ол ҚР Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына, атап айтқанда 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы айтты. Гульжан Турсуновна ол өзгерістер қатаң есептілік құжаттарына қатысты болғанын, яғни олар орта, кәсіптік және техникалық білім беру және жоғары білім беру ұйымдары үшін бөлек сараланғанын атап өтті. Қосымшалар жаңа редакцияда жазылды. № 1, № 2 қосымшалар формасы орта білім беру мұғалімдеріне қатысты. Онда оқу қызметі барысында жұмыс істеу үшін, яғни күн сайын, оқу жылының тоқсандары мен оқу жылы соңында міндетті құжаттардың тізбесі көрсетілді. Гульжан Турсуновна мұғалімдердің назарын құжаттаманы қағаз және электрондық форматта жүргізуге болатындығына аударды. Осы бұйрықта мектеп әкімшілігін қоса алғанда, педагогикалық қызметкерлер қызметінің бағыттары бойынша міндеттер әзірленді. Оқу ісінің меңгерушісі жаңа бұйрықта өз жұмысында қолданылуы тиіс қатаң есептілік құжаттарының барлық нысандарының үлгілері көрсетілгенін атап өтті.
Ж. Сексенбаева, орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі