28.10.2021
Алаяқтық фактілерін болдырмау мақсатында АІІБ қызметкерлері мектеп қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысқан педагогикалық қызметкерлерге "Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін не істеу керек?", "Ғаламтор арқылы алаяқтық туралы" тақырыптарына арналған жаднамалар берілді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері білім беру қызметкерлері құрбан болған алаяқтық фактілерін мысал ретінде келтірді. Іс-шара соңында құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрдайым қырағы болу және қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.