Текст
2021 жылғы қазанның 26 мен 27 мектеп директорлары мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған онлайн-семинар өтті. Осы семинар Ақмола облысы бойынша суицидтің алдын алу бойынша бағдарлама үйлестірушісі Старцева Тамара Андреевна өткізді. Мақсаты: суицидтің алдын алу бағадрламасын іске асырудағы мектеп әкімшілігі мүшелерінің рөлі туралы хабардар ету.Іс-шара барысында семинарға қатысушылар өздерінің міндеттері мен осы бағдарламаны іске асырудағы рөлі туралы білді. Сондай-ақ, Тамара Андреевна оның жүзеге асырылуын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар туралы айтып берді.