05.11.2021
2021 жылы қазанның 28 ZOOM-платформасында сот жүйесінің, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара барысында нашақорлық, қараусыздық, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу, СӨС насихаттау және т.б. мәселелері қаралды. Сөз сөйлеушілер бірқатар ұсынымдар беріп, ата-аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.