15.11.2021
Ақша тарихы мың жылдан асады. Ақшаның өзіндік түрі әртүрлі тарихи кезеңдерге сәйкес болатын. Ақша кез-келген мемлекет экономикасының негізі және әрқашан тауарларды бағалау өлшемі болып табылады. Қазіргі Қазақстан валютасының тарихы тәуелсіздік алғаннан басталды. Біздің қазіргі теңгеміз 1993 жылғы 15 қарашада, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Президентінің өз ұлттық валютасын енгізу туралы Жарлығы шыққаннан кейін айналымға енді. Бұл экономикалық тәуелсіздікті орнатудағы маңызды қадам болды.