18.11.2021
2021 жылғы қазан мен қараша айларының аралығында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын іске асыру аясында 9-11 сыныптарда онлайн-саулнама жүргізілді.
Мақсаты: кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық денсаулығына мониторинг жасау.
Қыркүйек айында жасөспірімдердің ата-аналарымен алдын ала жүргізілген түсіндіру жұмыстарының барысында бағдарламаның және онлайн-сауалнаманың мақсаттары айтылып, сондай-ақ жазбаша түрде келісім немесе бас тарту алынды. 38 кәмелетке толмағандардың ішінде 33 жасөспірім қатысты, ал 5 ата-ана жасөспірімдердің сауалнамаға қатысуына өз келісімін берген жоқ. Сауалнамалауға қатысушылар байланысқа шығып, диагностикаға қатысуға шындап қарады.Оқушылардың өңделген нәтижелері алаңдаушылық тудырмайды.