Текст
2021 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған «Елдің қалыптасу кезеңі» тақырыбындағы виртуалды кітап көрмесі өтті. Мақсаты: оқушыларды Қазақстан тарихы, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі, оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы әдебиетпен таныстыру. Қазақстан Республикасының жаңа тарихы – бұл тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюы. Тәуелсіздік егеменді мемлекеттілікті жандандыруға, кең ауқымды реформаларды жүзеге асыруға, өзінің өміршеңдігі мен өз бетінше даму қабілетін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Бұл енгізілімдердің барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаевтың есімі мен қызметіне байланысты.