Текст
Кешкі мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасының бейбітшілік және келісім саясатының қалыптасу және даму үдерісін көрсететін «Бейбітшілік пен келісім жолымен» деректі фильмін қарау және талқылау ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты - еліміздің 30 жылдағы жетістіктерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының көпұлтты елі бейбітшілік пен келісімде қалай өмір сүріп жатқанын көрсету. Бұл фильм Елбасының егемен Қазақстанның қалыптасуындағы зор рөлінің дәлелі болды.