Текст
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» КММ математика, физика, информатика онкүндігі аясында 9-10 сыныптар арасында "Математикалық кафе" математикалық жарысы өтті. Оқушыларға түрлі тақырыптар бойынша логикалық сұрақтар қойылып, басқатырғыштар берілді. 10 сынып оқушылары математика пәнінен өз білімдерін жақсы деңгейдегі көрсетті. Бірінші кезеңде "ИӘ"-"ЖОҚ" жарысы болды. Екінші кезең әр командаға логикалық 10 сұрақ қойылды. Ең көп сұрақтарға жауап берген команда келесі кезеңге өтеді. Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша 10-сынып командасы жеңіске жетті.