«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Агрессия. Себептері мен салдары» тақырыбындағы мектеп мұғалімдерімен консультация

26.01.2022
Мектеп педагог-психологы Исасиитова А.А. «Агрессия. Себептері мен салдары» тақырыбындағы мектеп мұғалімдерімен консультация өткізді.   Іс-шараның мақсаты: мұғалімдерді «агрессия» ұғымымен, агрессивті оқушылармен жұмыс жүргізу әдіс-тәсілдерімен таныстыру.  Педагог-психолог агрессия — бұл затқа немесе заттарға, адамға немесе адамдар тобына зиян келтіретін мінез-құлық екенін түсіндірді. Агрессия физикалық немесе ауызша көрінуі мүмкін. Жасөспірімдік агрессияның пайда болу себептері —  моральдық нормалардың, әлеуметтік құндылықтардың әлсіз деңгейіне, мінез-құлықтағы озбырлықтың болмауына, отбасылық тәрбиенің кемшіліктері.   Жасөспірімдік агрессияның түрлері: гипербелсенділікке қатысты агрессия, көшбасшылық агрессиясы, демонстрациялық агрессия, кек алу агрессиясы, қорқыныш агрессиясы, қобалжу агрессиясы, кінә агрессиясы, өзін-өзі бағалау төмен деңгейінің агрессиясы.  Іс-шара соңында агрессивті жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бойынша ұсынымдар берілді. 
Просмотров: 473


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст