«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылы қаңтардың 31 мен ақпанның 4 аралығында кешкі мектепте тарих пәніңің апталығы өтті

04.02.2022

2022 жылы қаңтардың 31 мен ақпанның 4 аралығында кешкі мектепте тарих пәніңің апталығы өтті. Осы пәндік апталыққа 9-11 сынып оқушылары қатысты. Тарих пәні апталығының жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Олеся Николаевна Бурумбаева 9 сыныпта «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін жариялау» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылар белсенді оқыту әдістерін және АКТ қолдана отырып, мұғалім жоспарлаған түрлі тапсырмаларды орындап, топта жұмыс істеді. Оқушылар кластер құру бойынша тапсырманы орындап, одан кейін тақта алдында таныстырды, сонымен қатар шағын эссе жазды, қосымша материалдармен жұмыс жасады. Сабақта оқушыларға «ҚР Тәуелсізідігінің қалыптасуы туралы» бейнебаяны көрсетті. М.А. Шаймерденова 10 «А» сыныбында «Ақ Орда — Қазақ хандығының негізі» тақырыбындағы ашық сабағын өткізді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, топта және жекеше әртүрлі тапсырмаларды орындады. Менталды карта жасалды, «Иә-Жоқ» тапсырмасы орындалды, қосымша материалмен танысты, сабақ соңында «Жетістік баспалдағы» рефлексиясы өткізілді. 9-10 сынып оқушыларына Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың 220 жылдығына арналған бейнепрезентациясы көрсетілді. Бейне презентацияны көргеннен кейін, оқушылар талқылауға қатысып, қорытынды жасады. Тарих пәнінің мұғалімі М.А. Шаймерденова 10 сынып оқушылары арасында викторинаны өткізді. Сабақ басында оқушылар Қазақстан Республикасының дамуы мен қалыптасуы туралы бейнеочеркті тамашалады. Содан соң, оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беру ұсынылды. Викторина қорытындысы бойынша "Білгірлер" және "Патриоттар" құрама командалары арасында ең көп ұпай жинаған "Білгірлер" командасы жеңіске жетті. 4 ақпанда Тарих апталығының жабылу барысында қорытындылар шығарылды. Мұғалімдер оқушыларға пән апталығына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, барлық оқушыларға оқуда сәттілік тіледі!

Просмотров: 453


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст