Текст
2022 жылғы 7 ақпанда ZOOM платформасында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы — Ы. Алтынсарин атындағы білім академиясы. Семинарға қатысушыларды инклюзивті білім беру саласында қолданылатын нормативті-құқықтық құжаттарымен, жұмыс алгоритмімен таныстырды. Іс-шара соңында педагог-психологтарға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөпірімдермен жұмыс жасау бойынша ұсынымдар берілді.