Текст
2022 жылғы 11 ақпанда № 4 ОМ «Буллинг жағдайларын анықтау және еңсеру бойынша педагог-психолог жұмысының негізгі аспектілері» тақырыбындағы педагог-психологтарға арналған аудандық семинар өтті. Іс-шара басында АББ әдіскері Е.В. Завьялова Е.В. сөз сөйледі. Ол қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды. № 1 ОМ педагог-психологы Г.Е. Дауренбекова буллингтің алдын алу бойынша өткізілген жұмысы туралы баяндамасымен сөз сөйледі. «Буллинг - ғасыр қатері» тақырыбындағы баяндамасымен № 2 ОМ педагог-психологы Ж.К. Мусина таныстырды. Тимашевка ауылы ОМ педагог-психологы И.М. Мирошниченко И.М. «Мектеп ішінде буллингке жол жоқ» топтық іс-шарасын өткізді. Семинар соңында қорытынды жасалған соң, қатысушыларға ұсынымдар берілді.