29.03.2022
2022 жылғы 29 наурызда № 1 ОМ педагог-психологтар АӘБ отырысы өтті. Отырыс басында білім бөлімінің әдіскері Е.В. Завьялова күн тәртібімен таныстырды. Одан әрі, Самарка НМ психологы Ж.С. Куспанова «Білім алушылар арасында суицидтік мінез-құлық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» баяндамасымен сөз сөйледі. Бастау а. мекеп психологы М.А. Шиндина қатысушылармен «Әлемге позивті көзқараспен қара» тренинг элементтері бар іс-шараны өткізді. Іс-шара соңында сөз сөйлеушілерге ұсынымдар берілді.