02.06.2022
2022 жылғы маусымның 2 сағат 10.00 балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мамандар мен білім беру ұйымдарының ұстаздары үшін семинар өтті. Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:
- «Өрт, су тасқыны, ЖКО, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мониторинг және мектептердің қауіпсіздік деңгейін бағалау жүйесі» әдістемелік ұсынымдары
- «Террористік әрекеттен зардап шеккен балаларды әлеуметтік оңалтудың қазақстандық тәжірибесі: тәжірибе, проблемалар мен перспективалар. Террористік әрекеттен зардап шеккен балалармен жұмысты ұйымдастыру» әдістемелік ұсынымдары
- «Кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық деңгейін айқындау» әдістемелік ұсынымдары
- «Психологиялық қолдау орталықтары жанындағы фронт-офис және білім басқармалары жанындағы call-орталықтардың жұмыс тәжірибесі мен үздік тәжірибелері» әдістемелік ұсынымдары