Кешкі мектепте "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Президент Жолдауы талқыланды. Онда бес нақты реформа көрсетілді. Мемлекетке опасыздық, терроризм, экстремизм және азаптау жасады деген күдіктілерден басқа, қаңтар оқиғаларына қатысушыларға рақымшылық жарияланады. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі бойынша төлемдер кезеңі бір жарым жасқа дейін ұлғаяды. 2024 жылы Қазақстанда 18 жасқа толған балалар үшін тұрғын үй сатып алуға және білім алуға пайдалануға болатын арнайы шоттар ашылады. Жоғары оқу орындарында білім алуға 2-3 пайыз жеңілдікпен несиелер берілетін болады. 2028 жылға дейін әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Ал ең төменгі жалақының көлемі 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза қатайталады. Орта тап өкілдеріне әсер етпейтін баж салығы енгізіледі. Сондай-ақ студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі біртіндеп шешілетін болады.