13.09.2022
2022 жылы қыркүйектің 13 «2021-2022 оқу жылында оқу қызметінің мониторингі» тақырыбындағы Әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында 2021-2022 оқу жылында жасалған әдістемелік жұмысының қорытындысы шығарылды, жаңа 2022-2023 оқу жылына міндеттер қойылды. Әдістемелік кеңестің мүшелері пәндік апталықтарды өткізу мерзімдерімен таныстырылды, жаңа оқу жылына арналған мұғалімдердің әдістемелік зерттеу тақырыптары нақтыланды, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және аттестаттау жоспары жасалды.