20.09.2022
2022 жылғы 20 қыркүйекте мектептің аттестаттау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында курстардан өту және мектептің педагогикалық кадрларын аттестаттау мәселелері қаралды. Мектеп аттестаттау комиссиясының төрағасы, мектеп директоры Е.М. Дюсембаев 2021-2022 оқу жылында педагогтардың негізгі бөлігі курстардан өткенін атап өтті. Орыс тілі, информатика, биология және психология пәндерінің мұғалімдеріне курстарынан өту, химия пәнінің мұғалімдеріне аттестациядан өту мәселесі бақылауда тұр. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.