Кешкі мектепте Республика күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде «Арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе байқауы. Аталған байқау Бұл байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, олардың ел тағдырына, оның болашағы үшін жанашырлық сезімін тәрбиелеуге бағытталған. Байқауға 9-11 сынып оқушылары қатысты. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған викторина оқушылардың қызығушылығын тудырды. Оның негізгі мақсаты - Ахмет Байтұрсынов туралы білімдерін толықтыру.Осы байқаудың Бұл байқаудың айрықша ерекшелігі-тапсырмалар 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылды. Оқушының өзі жауап беретін тілді таңдады.Өткізілген іс-шаралардың ішінде – «Тәуелсіз елім – Қазақстан» тақырыбындағы сынып сағаты; егемен Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері туралы баяндайтын тақырыптық көрме; оқушылар «Ұлттың ұлы ұстазы» шығармашылық байқауына қатысты;әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы роликтер жарияланды.Соңында Республика күніне арналған стенд дайындалды.Жарыстардың қорытындысы шығарылып, үздік жұмыстар мадақтамаларымен марапатталады.