«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кезекті жедел кеңес

07.11.2022
7 қарашада мектеп директоры Е. М. Дюсембаевпен кезекті жедел кеңес өткізді. Жиналыс барысында мектеп оқу ісінің меңгерушісі Г. Т. Исабаева қатысушыларды "Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидалары" 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығында болған өзгерістермен таныстырды. Бұл өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 415 бұйрығына қосымшада көрсетілген. Атап айтқанда, Гульжан Турсуновна 24-тармаққа назар аударды. Оған сәйкес тыңдаушы біліктілікті арттыру курстарынан өту шарттарын көрсете отырып, ұйыммен оқуға арналған шартқа (келісімге) қол қояды. Мұғалім курстарды 3 жылда 1 рет аяқтауы керек. 2023 жылдың 1 маусымына дейін біліктілікті арттыруға өтініш беру туралы ұсыныс жасалды. Жиналыста мектеп директоры мектеп сайтында жарияланған ақпаратқа талдау жасады.  Мектеп мұғалімдері жақын арада өз ақпараттарын жариялайды. Бір апта ішінде мектептің 4 мұғалімі «Кundelik.кz» ААЖ цифрлық сауаттылық және жұмыс негіздері» тақырыбындағы онлайн-біліктілікті арттыру курстарынан өткені атап өтілді.  Оқу ісінің меңгерушісі кәмелетке толмаған оқушылардың ата-аналары үшін жеке кабинеттер құрылды. Бұл кәмелетке толмағандардың ата-аналарының жалпы санының 70%  құрады.
Бұл ата-аналарға балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылауға мүмкіндік береді. Бір апта ішінде пән мұғалімдерінің Тимашевка ауылына шығуы жоспарлануда.
Просмотров: 348


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст