2022 жылғы 14-18 қарашасы аралығында кешкі мектепте химия және биология апталығы өтті.. 14.11.22 ж. аптаның жоспарына сәйкес 10А сыныбында химия пәнінің мұғалімі Я. В. Терешкина "Балқытпалар мен тұз ерітінділерінің электролизі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. 15.11.22 ж. биология пәнінің мұғалімі Я.В. Терёшкина 9-11 сынып оқушыларына арналған «Биологика» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты биология бойынша білімді тереңдетуге, кеңейтуге және шоғырландыруға және жасөспірімдердің оқытылатын пәнге деген қызығушылығын дамытуға ықпал ету. Іс-шара танымдық ойын-жарыс ретінде өткізілді. 16.11.22 ж. химия пәнінің мұғалімі А.Т. Исасеитова 9-11 сынып оқушылары арасында «Күнделікті өмірдегі химия» мини-жобалар қашықтық байқауы өткізілді. Мақсаты — оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шешендік өнерге қабілетін дамыту, пәнге қызығушылықты ояту, оқу іс-әрекетінің уәждемесін арттыру. 17.11.22 ж. биология пәнінің мұғалімі А.З. Абитаева 10Б сыныбында «АТФ-тың құрылымы және функциялары» тақырыбнда ашық сабақ өткізді. Оқушылардың химия мен биологияны оқуға деген танымдық қызығушылығын дамыту мақсатында дайындалған стендте химия мен биологияның ерекше фактілері туралы материалдар орналастырылды.