Текст
5 желтоқсан 2022 жылы мектеп директоры Е. М. Дүйсембаев жанындағы жедел кеңес өтті, онда кәмелетке толмаған оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы мәселелері қаралды. Бұл күні 5-9 желтоқсан аралығында өтетін тарих пәнінің апталығының ашылуы өтті . Келесі іс-шаралар өткізіледі: 9,11 сыныптарда ашық сабақтар, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шаралар, оқушыларға «Қазыбекбидің туғанына 355 жыл» атты бейнепрезентациясы. Мектеп директоры қатысушыларға «Кунделик» электронды журналын уақытында толтыруға сонымен қатар оқушыларды бақылау жұмыстарын мерзімде тапсыруларын бақылауға алуға ұсынды . Бақылауда - ҚР Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар.