2023 жылдың 4 қаңтарында кешкі мектепте «Мектеп жетістігінің кепілі – білім сапасы» тақырыбындағы педагогикалық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібі:
Баяндамаларды дайындағандар: Г.Т. Исабаева, мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі; О.Н. Бурумбаева, тарих пәнінің мұғалімі; Я.В. Терешкина, ЖМЦ мұғалімдері ӘБ жетекшісі; А.А. Исасиитова, мектеп психологы. Оқу жылы 1 жартыжылдығының қорытындылары: 2023 жылдың 1 қаңтарында оқушылар саны 82 адам, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде 77 оқушы. 1 жартыжылдықтың ішінде 14 оқушы кетті. Білім сапасы – 28 %, 23 оқушы жақсы оқушы бола отырып, "4" және "5" - те оқиды. Мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі БЖБ және ТЖБ уақтылы жүргізілгенін, сондай-ақ, бағдарламалық материалдың теориялық және практикалық бөліктері толық көлемде орындалғанын атап өтті. О.Н. Бурумбаева өткізген "Тарих сабақтарында оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары" атты коучинг педагогикалық кеңестің тақырыбына сай болды. Мектеп мұғалімдеріне коучингтің практикалық бөлігіне қатысуға мүмкіндік берілді: "Революция. Соғыс. Монархия" сөздерінің пайдалануымен синквейн жасалды; мәтінді арнайы белгілермен ерекшелеп, "Инсерт " тәсілінің көмегімен жұмыс жасалды; Венн диаграммасы жасалды. ЖМЦ мұғалімдері ӘБ жетекшісі Я.В. Терёшкина оқуға уәждемесі төмен оқушылармен жұмыс туралы айтып берді. Тәжірибе алмасу өтті. Жаңадан келген оқушыларды бейімдеу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мектеп психологы А.А. Исасиитова таныстырды. Оқушылардың жасы әр түрлі, оқуда біраз үзіліс бар екендігі - бейімделудің қиындығы. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды. Педкеңестің хатшысы Я.В. Терёшкина қатысушыларды № 2 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы туралы хабардар етті.