«Жастар субмәдениеті» сынып сағатын 10 «А» сынып жетекшісі К.А. Рахимжанов өткізді. Мақсаты: азаматтық ұстанымды тәрбиелеу, критикалық талдау, объективті ойлау және дәлелді диалог жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Соңғы жылдары "неформалдар"сөзі қолданысқа енді. Неформалдар біздің өміріміздің формальды құрылымдарынан бас тартатындар. Олар әдеттегі мінез-құлық ережелеріне бағынбайды.Жастар қоғамдастықтары қызмет, көзқарас бағыттары бойынша жіктеледі. Бейресми бірлестіктердің ерекшелігі - оларға ерікті түрде кіру және белгілі бір мақсатқа, идеяға тұрақты қызығушылық таныту. Сондай-ақ, бұл топтар өзін-өзі таныту қажеттілігіне негізделген бәсекелестікпен ерекшеленеді.Соңғы уақытта теріс ақпарат пен деструктивті идеяларды тарататын ұйымдар мен қозғалыстардың саны артты. Сондықтан, сынып сағатында қаралған жастар субмәдениеттері мәселесі өзекті болып табылады.