Мамандық таңдау - әр жасөспірімнің өміріндегі маңызды сәттердің бірі.Ал мамандықты дұрыс таңдау одан да қиын міндет. 11в сынып жетекшісі А.Т. Садвакасова аталған тақырыпта ата-аналарға арналған дәріс өткізді. Мамандықты таңдаған кезде адамдар өмір сүру жолын ғана емес, өмір салтын да таңдайды. Таңдау оның салдары үшін жауапты болуды білдіреді.Айгуль Танабаевна мамандық таңдауға әсер ететін факторлар атап өтті.Айгуль Танабаевна қатысушылардың назарын мамандық таңдаудағы отбасының рөлі мен маңыздылығына аударды.Сондай-ақ, мұғалім ата-аналарға жасөспірімге кәсіби өзін-өзі анықтауда көмек пен қолдау қажет болған кезде жүгінуге болатын бірқатар ұсыныстар ұсынды.Соңында Айгуль Танабаевна ата-аналарды өсіп келе жатқан балаларына мүмкіндігінше көп көңіл бөлуге үндеді. Шынында да, мамандық таңдау сияқты мәселеде отбасы өзінің тәрбиелік әлеуетін, өзінің ұйымшылдығы мен қызығушылығын көрсетеді. Бұл іздеу жолында ата-аналар - ең сенімді және адал көмекшілер болболып табылады!