«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқуға деген қызығушылықты қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі».

03.04.2023

«Оқуға деген қызығушылықты қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі».

Аталған тақырыпта директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А.Т. Садвакасова ата-аналар жиналысын өткізді.  Іс-шараның міндеті - ата-аналардың отбасындағы балаларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне ақылға қонымды көзқарасты түсінуіне ықпал ету.Айгуль Танабаевна ата-аналардың назарын 6 ұстанымға аударды:

·                                 Баланы қабылдау

·                                 Баланы тану

·                                 Ата-ана мейірімі

·                                 Ата-аналардың қолжетімділігі

·                                 Жауапкершілік пен тәртіпті тәрбиелеу

·                                 Ата-ана беделі

Барлық ұстанымдарды ескеру және қолдану маңызды. Алайда, егер ата-аналардың бойында балаларына сіңіргісі келетін қасиеттер болмаса, онда нәтижеге қол жеткізілмейтінін мойындау маңызды.Отбасы – тұлғаның негізі қаланатын алғашқы орта. Ал мектептің міндеті - баланың қоғамда сәтті әлеуметтенуіне көмектесу. Отбасы мен мектеп – бір-бірімен тығыз байланысты екі буын. Олардың әрқайсысы жеке-жеке үйлесімді адамды қалыптастыра алмайды. Айгуль Танабаевна сөз сөйлеу соңында іс-шара соңында тәрбие мектеп пен отбасы тығыз ынтымақтастықта болған кезде ғана тиімді болады деген қорытынды жасады.

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст