«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының кешкі мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Вечерняя школа города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области» Коммунальное государственное учреждение 

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық конференция

02.05.2023
2023 жылғы 27 сәуірде № 2 ЖББМ-де "Өмірлік дағдыларды қалыптастыру арқылы білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау және нығайту"тақырыбындағы педагог-психологтарға арналған облыстық конференция өтті. Конференцияға облыс мектептері мен балабақшаларының педагог-психологтары, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.Конференцияның ашылуы Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Г. Наймушинаның сөз сөйлеуінен басталды. Ол қатысушыларды құттықтай отырып, оларға жемісті жұмыс тіледі. Сондай-ақ, Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері И.И. Ермуханова сөз сөйледі. Білім бөлімінің әдіскері Е. В. Завьялова ауданның психологиялық қызметінің құрылымымен және жұмысымен таныстырды. Ұйымдастырылған көрмеде педагогика және психология бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, Атбасар ауданы педагог-психологтарының жетістіктерімен танысуға мүмкіндік берілді.Содан кейін, конференция қатысушылары тренингтерге қатысты. Қатысушылар тренинг соңында берілген шағын сұхбат барысында өз эмоцияларымен бөлісті. Түскі астан кейін кәсіби шаршаудың алдын алу мақсатында практикум өткізілді.Конференция соңында ұйымдастырушылар мен тренерлер алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.
Просмотров: 217


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст