22.05.2023
Қорытынды отырыстарын гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің мектеп әдістемелік бірлестіктері өткізді. ӘБ жетекшілері К.А. Рахимжанов пен Я.В. Терешкина 2022-2023 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есептер жасап, барлық жоспарланған отырыстар, іс-шаралар мерзімінде өткізілгенін, қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Пән мұғалімдері семинарлар өткізді, пәндік апталықтар ұйымдастырылды. Ынталы оқушылармен жұмыс жолға қойылды. Оқуға деген ынтасы төмен оқушылармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі - үлгермегендердің болмауы. Отырыстарда пән мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру бойынша есептері, оқушылардың біліміне мониторинг жүргізу қорытындылары тыңдалды, жүргізілген білім тексерулерінің қорытындысы бойынша оқушыларға қиындық туғызатын тақырыптар анықталды.Бақылауда — мұғалімдердің курстық қайта даярлау мәселесі. Пән мұғалімдері 2023-2024 оқу жылына арналған ӘБ жұмыс жоспарының жобасын талқылады.