2024 жылдың 20 наурызында кешкі мектепте 9-11 сынып оқушыларымен "Наурыз мерекем - Наурыз берекем", "Наурыз - бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында мектеп оқушылары Наурыз мерекесі туралы көптеген қызықты ақпаратты білді. Қазақтар 22 наурызды Жаңа жылды басы деп санады, бұл күн ұлы халық мерекесі болы келе жатыр. Наурызды халық әрқашан қуанышпен қарсы алады, көтеріңкі көңіл-күймен, ең жақсы киім киеді, қазанда "Наурыз көже" атты басты мерекелік тағам дайындалады.
Оқушыларға Наурыз көже туралы постер құрастыру және атауға тапсырма берілді. 10 "А" сыныбының оқушысы Почтарева Елизавета осы күнге байланысты халықтық белгілер туралы ақпарат дайындады, егер сол күні жаңбыр жауып тұрса, онда бұл жақсы белгі болып саналды, мол өнім мен молшылық болады. Наурыз мерекесі туралы бейнероликті көргеннен кейін оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, барлық сұрақтарға дұрыс жауаптар берілді. Сынып сағаттарының соңында рефлексия жасалды. Оқушылар Наурыз мейрамы халықтың бірлігіне ықпал етті деген ортақ қорытындыға келді.