Текст
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасау – әрбір азаматтың, ұстаздың, ата-ананың міндеті. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару жасақтары табиғи апатпен күресуде. Жұмыстың маңызды аспектісі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қажетті қолдау көрсету болып табылады. Халықтың бірлігін, қоғамның ынтымағын, рухының беріктігін сақтау маңызды. Ендігі басты міндет – су тасқыны кезеңінен аман-есен өтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.