Текст
Кешкі мектепте 10-сыныпта "Буллинг:себептері мен салдары" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сабақтың мақсаты оқушылардың қорқыту, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру болды. Оқушылар қорқытуға байланысты жағдайлардан шығу жолдары туралы өз ойларын білдірді. Соңында буллинг, кибербуллинг ұғымдары бекітіліп, осы құбылыстар адамның физикалық және психологиялық денсаулығына теріс әсер етеді деген қорытындыға келді.